13:48, 04 Шілде 2022 | GMT +6
Темекі бермеген: Павлодар тұрғынын соққыға жыққан жасөспірімдер іздестіріліп жатыр
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда 36 жастағы тұрғынды соққыға жыққан оқушылар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews ресурсына сілтеме жасап.
1 шілде күні шамамен сағат 23.00 кезінде Лермонтов, 120 және Дерибас, 22 көшелерінің қиылысында аулада жеті-сегіз жасөспірім өз подъезінің ауласында шылым бермегені үшін ер адамды қатты ұрып тастаған.
- Подъезде камера немесе көлігінде видеотіркеуіші бар адамдардың хабарласуын өтінемін. Олар жазасыз қалмауы тиіс. Ертең кез келген адамға осылай жасауы мүмкін, - деп жазады хаттың авторы Іnstagram желісінде.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталмыш факті тіркелгенін растады.
«2 шілде күні сағат 00.30-да 102 операторының пультіне Лермонтов көшесі,120 мекенжайы бойынша 36 жастағы ер адамды ұрып-соғу туралы қоңырау түскен. Бұл жағдайға қатысы бар адамдарды анықтау үшін іздестіру шаралары жүріп жатыр» деп мәлім етті полиция.
Фото: pavlodarnews.kz