+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Темекіден жыл сайын 8 млн адам көз жұмады

2019 жылғы 21 қараша 11:50
Бөлісіңіз:
Темекіден жыл сайын 8 млн адам көз жұмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл сайын темекі шегуден 8 млн адам көз жұмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау орталығына сілтеме жасап.

«Темекі шегуден миллиондаған адам өкпе обырымен, туберкулезбен, демікпемен немесе өкпенің созылмалы ауруларымен ауырады. Темекі шегу – бұл жүрек-қан тамырлары ауруларының (инфаркт, инсульт), ерлерде эректильді дисфункция, терінің ерте қартаюы, сондай-ақ жүктіліктің қолайсыз нәтижесі және жүкті әйелдерде болашақ баланың денсаулығы үшін тәуекел факторы», - делінген баспасөз хабарламасында.

Темекі шегу – бронх-өкпе, онкологиялық және басқа да созылмалы аурулардың қауіпті факторларының бірі.

«Темекі шегуден бас тартқаннан кейін 1-9 ай ішінде жөтел мен ентігу азаяды. 10 жылдан кейін сізде өкпе обырының даму қаупі шылым шегушіге арналған осындай тәуекелмен салыстырғанда екі есе төмендейді, сондай-ақ сізде ауыз қуысы, тамақ, өңеш, қуық, жатыр мойны және ұйқы безі обырының даму қаупі төмендейді. 15 жылдан кейін жүректің ишемиялық ауруының даму қаупі темекі шекпейтін адамның қауіп деңгейіне дейін төмендейді», - дейді мамандар.

Сондай-ақ, адам темекі шегуден бас тартса, зиян әдетпен байланысты денсаулықтағы проблемалар дамуын тоқтатып, импотенция ықтималдығын, жүктілік, мерзімінен бұрын босану, дене салмағы төмен балалардың туылуы мен түсік тастау мәселелерін төмендетеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT