Теміртау маңындағы жол апатынан 4 адам көз жұмды

None
None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы көлік апатынан 4 адам көз жұмып, бір адам ауруxанаға түсті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10 қазан күні Теміртау қаласынан 4 шақырым жерде 30 жастағы «ВМW-5281» автокөлігінің жүргізушісі Қарағанды қаласына қарай жүріп келе жатып, болжаммен рульге ие бола алмай қалғанда көлік аударылған.

​Апаттан 21 жастағы көлік жолаушысы оқиға орынында мерт болса, жүргізуші мен тағы да екі жолаушы Теміртау қалалық орталық ауруханасында көз жұмды.

Сонымен қатар, көлікте болған тағыда бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

​Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 4- тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, терегеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар