Теміртауда көлік қағып кеткен 46 жастағы қала тұрғыны көз жұмды

None
None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат - Теміртауда 27 жастағы көлік жүргізушісі ер адамды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетпек болған. Зардап шеккен адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 шілде күні сағат 00.35-те Теміртау қаласы ПБ 102 телефонына белгісіз жүргізуші Мичурин көшесі жағынан Республика даңғылына қарай келе жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Жарақат алған кісі ауруханаға жеткізілді.

Алайда көп ұзамай, алған жарақатынан қайтыс болды. Полиция қызметкерлері қаза тапқан адамның жеке басын анықтады. Ол 46 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

«Жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізушіні анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Республика даңғылы бойындағы үйлердің бірінің ауласында жол-көлік оқиғасы белгілері бар «Daewoo Nexia» маркалы автокөлікті байқады. Полиция қызметкерлері осы автокөліктің 27 жасар жүргізушісін анықтап, ұстады, ол жаяу жүргіншіні қағып кеткенін мойындады», - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар