Теміртауда металлургтер маскамен тегін қамтамасыз етіледі

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында кәсіпорындар өз қызметкерлері үшін маскалар тігуге тапсырыс береді. «АрселорМиттал Теміртау» металлургтерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Компанияның ақпаратынша, бірнеше рет қолданылатын маска еншілес кәсіпорындарда тігілуде. 60 мың данадан тұратын партия жақын арада келіп түсуі тиіс.

«Бірінші тапсырыс трамвай паркінен болды. 800 маска тігілді. Сондай-ақ біздің фабриканың барлық қызметкерін маскамен қамтамасыз еттік. Қазір «АрселорМиттал Теміртау» тапсырысын орындап жатырмыз», - дейді «ТАА» ЖШС тігін-трикотаж цехының бастығы Ирина Ем.

Көп рет қолданылатын маскалар мақта-мата және бөз матадан тігіледі. Бір өнімді тігу шамамен төрт минут алады. Бір ауысымда әр тігінші 120 дана шығарады.



Соңғы жаңалықтар