Теміртауда тұрғын үйлерге талапқа сай жылу бермеген мекемеге айыппұл салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Теміртау қаласы тұрғындарының пәтерлеріндегі төмен температураға қатысты шағымы негізінде «Окжетпес-Т» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

«Окжетпес-Т» ЖШС-ы қызметінің жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша, жеткізу және қайтару құбырларында берілген және нақты көрсеткіштердің айтарлықтай ауытқуы анықталды. Осы көрсеткіштердің негізінде көрсетілетін қызметтердің сапасы белгіленгенге сәйкес келмейтіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика минитсрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, «Окжетпес-Т» ЖШС-ның әрекеттерінде Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 164-бабының 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық белгілері бар екені анықталды.

Атап айтқанда, табиғи монополия субъектісі Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді тиісінше орындамаған.

Осыған байланысты «Окжетпес-Т» ЖШС-не 4 667 200 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, үйге ортақ есептеу құралдары жоқ тұтынушыларға толық жеткізілмеген жылу энергиясы үшін қайта есептеу 2020-2021 жж. жылыту кезеңінің соңында жүргізілді.


Соңғы жаңалықтар