Теміртауда үкіметтік емес ұйымдардың конференциясы өтті

None
None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат - Теміртау қаласындағы ҚР Тұңғыш Президентінің Орталығында «Қарағанды облысының азаматтық секторы – 30 жыл бірге» атты Қарағанды облысының үкіметтік емес ұйымдарының XVII конференциясы өтті, - деп хабарлайды saryarqanews.kz тілшісі.

Оған ҮЕҰ өкілдері, мемлекеттік органдар, этно-мәдени орталықтар, саяси партиялар, БАҚ өкілдері қатысты.

Жоба «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылды.

Аталмыш шара Қарағанды облысында үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатына сәйкес жыл сайын өткізіледі. Оның ішінде басты іс-шара ҮЕҰ облыстық конференциясы.

ҮЕҰ Фестивалі үш кезеңде өтті:

1. ҮЕҰ конференциясы
2. ҮЕҰ жобаларының көрмесі
3. «Ең таңдаулы ҮЕҰ-2021» конкурсының нәтижелері

Шара барысында Тәуелсіздік жылдарында жүзеге асырылған әлеуметтік маңызы бар жобалар көрмесі, этно-мәдени орталықтардың ұлттық тағамдар көрмесінің жұмысы таныстырылды. Сондай-ақ, ҮЕҰ туралы арнайы дайындалған бейне роликтер көрсетілді.

Бұқаралық ақпараттық құралдар үшін онлайн және оффлайн форматта брифинг ұйымдастырылды.

Шара соңында 2021 жылдың ең таңдаулы ҮЕҰ-ы, қоғамның дамуына зор үлес қосқан белсенді азаматтар және мемлекеттік орган өкілдері марапатталды.


Соңғы жаңалықтар