+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Теміртаудағы қара қар: «АрселорМиттал Теміртауға» қатысты тексеру жүріп жатыр

2020 жылғы 14 ақпан 15:53
Бөлісіңіз:
Теміртаудағы қара қар: «АрселорМиттал Теміртауға» қатысты тексеру жүріп жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Экология департаменті «Қазгидромет» РМК филиалымен бірге Теміртау қаласында «қара» түсті қар жауғаны туралы БАҚ-та жарияланған ақпаратты назарға алды.

Ұқсас жаңалықтар
Жайық өзенінің жағдайы Қазақстан-Ресей форумында кеңінен талқыланады 20 жыл ішінде әлем 100 миллион гектар орманнан айырылды - БҰҰ Есіл өзеніндегі судың сапасы тексерілді

Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook -парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, болған жағдайға байланысты тиісті шара қабылдау мақсатымен Қарағанды облысының Экология департаменті «Қазгидромет» РМК филиалымен бірге «АрселорМиттал Теміртау» АҚ санитарлық-қорғау аймағындағы атмосфералық ауаның химиялық құрамын тексеріп шықты.

Себебі, қаладағы негізгі ауаны ластаушы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Болат департаменті екені мəлім.

Оның шығарындысы - қала бойынша жалпы шығарындының 83%-і.

Қазгидромет РМК дерегіне қарағанда, 2020 жылғы 31 қаңтар-1 ақпан аралығында жайсыз метеорологиялық жағдай болған (желдің болмауы).

Қазірде Экология департаменті Арселор Миттал Теміртауға қатысты тексеру жүргізуде. Басқа да ірі кəсіпорындар тексеріліп, барлығының нəтижесі хабарланатын болады. Сондай-ақ, Экология департаменті 2019 жылғы желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысын тексеріп, ол бойынша ЖЭО-Бу-ауа үрлеу стансасы мен Қышқылды конвертер цехындағы өрескел экологиялық заңбұзушылықты анықтаған еді.

Департамент заңнама талабына сай, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ға бірнеше миллиард зиян келтіру жəне оны белгіленген мерзім ішінде жою туралы ұйғарым берген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT