Теміржол бойында балалардың жарақаттануы артып отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың төрт айында елдегі теміржолдардың бойында 10 адам қаза тапқан. Оның біреуі кәмелетке толмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиевтің айтуынша, соңғы уақытта теміржолдарда адамдардың жарақат алу жағдайлары жиілеп кеткен. Департамент бастығы олардың арасында кәмелетке толмаған балалардың көптігіне алаңдаушылық білдірді.

«Биыл 4 айда ғана жарақаттанудың 26 фактісі тіркелді. Оның жартысынан көбі өліммен аяқталды. Оның біреуі – бала. Мәселен, 10 мамырда Ерейментау станциясында пойыз белгіленбеген жерден өтіп жара жатқан баланы қағып кетті. Тергеу тәжірибесі балалардың жарақаттану жағдайларының көбінде ересектер кінәлі екенін көрсетеді. Теміржол маңында тұратын ата-аналар балаларын қараусыз қалдырады», - деді О.Бекиев департамент кеңсесінде өткен кеңесте.

Кеңесті қорытындылаған көлік полициясының басшысы қауіпті жағдайлардың алдын алу іс-шараларын жетілдіруді тапсырды.


Соңғы жаңалықтар