Теңге бағамының нығаюына не әсер етті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Валюта нарығындағы ахуалды Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің өкілі Мұхтар Орман түсіндіріп береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Теңге бір доллар үшін 428,70-429,20 аралығында саудалануда, орташа алғанда дүйсенбідегі сауда-саттықтың орташа бағамынан

2,2 теңгеге нығайды. Нығаюы әлемдік қаржы нарықтарындағы қолайлы сыртқы конъюнктура аясында орын алуда.

1Pfizer және BioNTech фармацевтикалық компаниялардың коронавирустан вакцинаны әзірлеудегі жетістіктері туралы жаңалықтар әлемдік қор нарықтарындағы тәуекел-сентиментке қолдау көрсетті. Компаниялардың мәлімдемелері бойынша вакцинаға жүргізілген зерттеу ауыру жұқтырмауда 90%-дық тиімділікті көрсетті, ол COVID-19-бен күрестің ұзақ мерзімді келешегіне қатысты оптимизм үшін негіз болды.

Бұл жаңалық нарықтарды жасыл аймаққа айналдырды. Дүйсенбіде Brent маркалы мұнайға баға белгілеу жұма күнгі жабумен салыстырғанда мұнай өнімдеріне сұраныс ұлғаюына қатысты оптимизм аясында бір баррель үшін $42,4 дейін рекордтық 7,5%-ға өсті. Сауда-саттық барысында мұнай бағасы бір баррель үшін 43,48-ға долларға жетті немесе 10%-ға өсті.

Алайда, дүйсенбіде кешке күрт өскеннен кейін, бүгін Азия сессиясында мұнай бағасы АҚШ пен Еуропадағы ауырғандар саны өсуіне және Pfizer және BioNTech вакцинасын қолданудың нақты мүмкіндіктері, сипаттамалары мен жылдамдығына байланысты түзетулер енгізілуде.

АҚШ-тың негізгі қор индекстері аптаны өсумен ашты, S&P500 ауқымды нарық индексі 1,2%-ға, ал Dow Jones 2,9%-ға өсіп, тарихи рекордтарды жаңартты. Нарықтар президенттік сайлаудың қорытындысын талдауда және нарыққа COVID-19-ға қарсы вакцинаның сәтті сынақтары туралы жаңалықтар белсенді әсер етуде. Жапонияның 225 жетекші компаниясы акцияларының баға белгілеулерінің серпінін көрсететін Nikkei индексі 25100-ден астам тармақ деңгейіне дейін өсті.

Инвесторлар жаңадан сайланған президент Дж. Байденнің әкімшілігі неғұрлым болжамды сыртқы саясат жүргізуі және тарифтік конфронтацияға немесе Қытаймен қарым-қатынаста шиеленістің күтпеген ушығуына бейім болмауы мүмкін деп күтуде.

Оң серпін кешегі күнді жағымды нотада аяқтаған дамушы елдердің валюталарына да әсер етті. Түзетулерді ескере отырып түрік лирасы – 5,3%-ға, Оңтүстік Африка ранды және Ресей рублі – 1,4%-ға, Мексика песосы – 1,3%-ға, Индонезия рупиясы – 1,0%-ға өсті.

Теңгенің айырбастау бағамы сыртқы іргелі факторлардың серпініне сәйкес қалыптасады, олардың арасынан мұнайға баға белгілеу және әлемдік нарықтардағы «ралли» деп аталатын факторлар негізгі болып табылады.


Соңғы жаңалықтар