Теңіз кенішінде 10 мыңнан астам адам вакцина салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Теңіз кенішінде 10 мыңнан астам адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы сәуірде «Теңізшевройл» компаниясына «Спутник V» вакцинасының 15 мың дозасы жеткізілген. Қазір кен орнында коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдыруға 15 мың адам ниет білдірген.

«Вакциналау ерікті жүзеге асырылып жатыр. Осы кезге дейін вакцинаның І компонентін 10 мыңнан астам адам салдырды. «Теңізшевройл» мен серіктестер қызметкерлері 11 мамырдан бастап Атырау, Құлсары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы «Медикер» орталықтарынан вакцина салдыра алады», - деді басқармадан.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға Hayat-Vax вакцинасының 7,5 мың дозасы жеткізілген еді.


Соңғы жаңалықтар