«Теңізшевройл» мұнайшылардың 90% вакцинадан бас тартты дегенді жоққа шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіруші «Теңізшевройл» кәсіпорны мұнайшылардың 90% COVID-19 қарсы вакцина алудан бас тартқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Stopfake.kz сілтеме жасап.

«Теңізшевройл» компаниясының үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Ырзабек Артығалиев вакцинация штаттық режімде жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«12 сәуірге дейін ТШО-ға төрт мыңға жуық доза вакцина берілді. Бүгінгі таңда мыңнан астам қызметкер вакцина алды. Тағы 6,5 мыңнан астам адам екпе жасатуға ниет білдіріп, оны вакцинаның түсуіне қарай алады. Бізде мұнайшылардың 90 пайызы вакцинациядан бас тартқаны туралы ақпарат жоқ. Қайталап айтамын, адамдар вакцина жасатуға кезекке тұруда. ТШО компаниясының қызметкерлерінің көбі вакцинаны тұрғылықты жері бойынша өз емханасында алып жатқанын білемін», – деді ол.

Бұған дейін жаңалықтар порталдарында жарияланған мәтінде мұнайшылардың вакцинациядан бас тартуына вахтада өткізген қосымша уақыт үшін төленетін төлемнен айырылып қалу мүмкіндігі себеп болуы ықтимал екендігі жазылған. Бүгінде қызметкерлер жұмысқа кіріспес бұрын оқшаулануға міндетті. ТШО-ның хабарлауынша, қазіргі уақытта COVID-19 жағдайына байланысты өтемақы төлеу бағдарламасы қайта қаралып жатыр. Сондай-ақ ол еліміздегі және теңіздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

«СЭС мәліметтері бойынша, 2021 жылғы 26 наурыздан бастап толық вакцинацияланған қызметкерлерге вахтаға келгеннен кейін оқшауланудың қажеті жоқ», – деп жауап берді компаниядан.


Соңғы жаңалықтар