Теннис: Александр Бублик Барселона турнирінің үшінші айналымына шыға алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик Барселона ATP 500 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Бублик екінші айналымда әлемнің 25-ракеткасы, аустралиялық Алекс Де Минаурмен күш сынасты.

Бұдан бұрын қарсыластар биылғы жыл басында Анталияда ATP жарысының финалында кездесіп, онда А.Бублик жарақатына байланысты ойынды аяқтай алмаған болатын.

Бұл жолы бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда аустралиялық теннисшінің жолы болды – 7:6 (7:3).

Екінші сетте ол қос брейкпен алға кетті – 4:0. Ақыры жеңісті уысынан шығарған жоқ – 6:2.

Бәсеке 1 сағат 26 минутқа созылды.

Аустралиялық спортшы ширек финалға шығу үшін әлемнің 5-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен таласады.

Жүлде қоры 1,5 млн еуродан асатын Барселона додасы 25 сәуірде мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Барселона турнирін жеңіспен бастағанын, Зарина Диястың Ыстанбұлда жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар