Теннис: Александр Бублик Сингапур турнирінің финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Бублик Сингапур ATP турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 76-ракеткасы, молдовалық Раду Алботпен кездесті.
Бірінші партияда Р.Албот 6:4 есебімен басымдылық көрсетті. Есесіне Бублик келесі екі сетте сәтті ойнады - 6:3, 6:4. Бәсеке 1 сағат 32 минутқа созылды.
А.Бублик финалда әлемнің 114-ракеткасы, аустралиялық Алексей Попыринмен бас жүлдені сарапқа салады. Ол әлемнің 44-ракеткасы, хорватиялық Марин Чиличті 7:6 (7:5), 7:6 (7:2) есебімен ұтты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Сингапур турнирінің жартылай финалына шыққанын, А.Недовесовтің Нұр-Сұлтан жарысының жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.
- «Канело» 39 жастағы Головкинмен айқастан қашқақтап жүр
- Ресейдегі халықаралық турнирде Бекзат Нұрдәулетов өзбек боксшысын жеңді
- Футболдан Қазақстан біріншілігі: Бүгін жетінші тур ойындары басталады
- Ресейдегі халықаралық турнирде екі боксшы жартылай финалға шықты
-
Бокстан ӘЧ: Тағы бір қазақстандық жүлде алды
-
Бокс: Жұлдыз Шаяхметова жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам