Теннис: Бублик Сингапур турнирін жеңіспен бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Бублик Сингапур ATP турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы доданың 4-ракеткасы болып тіркеліп, турнирді екінші айналымнан бастаған А.Бублик бастапқы кездесуін түркиялық, рейтингте 302-орында тұрған Алтуг Челикбилекпен өткізді.

Қазақстандық теннисші негізгі турнирге іріктеу сайыстарынан кейін қосылған қарсыласын 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

А.Бублик жартылай финалға шығу үшін жапониялық, әлемнің 61-ракеткасы Йосихито Нисиокамен таласады.

Жүлде қоры 361 800 АҚШ долларына бағаланған Сингапур додасы 28 ақпанда мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің ширек финалына шыққанын, ал Ю.Путинцеваның Аделаида додасында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Ал Д.Попко мен А.Недовесов Нұр-Сұлтан турниріндегі жұптық кездесулерін сәтті өткізді.







Соңғы жаңалықтар