Теннис: Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Дмитрий Попко Шарлоттсвилль (АҚШ) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 212-орында тұрған, 23 жасар Д.Попко финалға шығу үшін әлемнің 99-ракеткасы, канадалық Брейден Шнурмен таласады.

Осы жарыстың 16-ыншы ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы кездесуінде рейтингте 255-сатыдағы америкалық Джеффри Джон Волфты 4:6, 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Содан кейін осы доданың үшінші, әлемнің 111-ракеткасы, америкалық Денис Кудланың 4:6, 7:6 (7:5), 6:1 есебімен меселін қайырды.

Ширек финалда Д.Попко турнирдің бесінші, әлемнің 125-ракеткасы, тағы бір америкалық Маркос Хиронды 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Тағы бір қазақстандық, рейтингте 321-орындағы Денис Евсеев Қытайдағы Шэньчжэнь 2 челленджер турнирінің жартылай финалына шыға алмады.

Ол алдымен рейтингте 946-орындағы қытайлық Чухан Ванды (6:0, 6:1) ойсырата ұтты. Сосын турнирдің алтыншы, әлемнің 136-ракеткасы, канадалық Стивен Диастан басым түсті – 6:3, 6:2.

Рейтингте 282-сатыдағы ресейлік Теймураз Габашвилиді де тартысты матчта жарыс жолынан шығарды – 6:4, 5:7, 7:6 (7:4).

Д.Евсеев тек ширек финалда турнирдің 16-ыншы, әлемнің 219-ракеткасы, Египет өкілі Мохамед Сафваттан (5:7, 2:6) ұтылып қалды.

Екі дода да 3 қараша күні мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Вена турнирінде жеңіліп

Соңғы жаңалықтар