Теннис: Дмитрий Попко Ыстанбұл турнирінің ширек финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Дмитрий Попко Ыстанбұл челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 173-орында тұрған Д.Попко екінші айналымда әлемнің 108-інші, осы доданың 2-ракеткасы, испаниялық Хауме Муньярмен кездесті.

Қазақстандық теннисші 1 сағат 31 минутқа созылған матчта 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Д.Попко бастапқы кездесуінде рейтингте 201-сатыдағы португалиялық Фредерику Феррейра Силваны 6:2, 7:6 (7:3) есебімен тізе бүктірген болатын. Енді ол жартылай финалға шығу үшін әлемнің 129-ракеткасы, Беларусь өкілі Илья Ивашкамен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Чехиядағы турнирде ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар