+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

Теннис: Елена Рыбакина Хобарт турнирін жеңіспен бастады

2020 жылғы 14 қаңтар 16:28
Бөлісіңіз:
Теннис: Елена Рыбакина Хобарт турнирін жеңіспен бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 30-ракеткасы Елена Рыбакина Хобарт (Аустралия) WTA турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Юлия Путинцева әлемнің 25-ракеткасын жеңді Теннис: Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасымен кездеседі Теннис: Кукушкин мен Бублик Аустралия чемпионатының алғашқы айналымынан аса алмады

Осы жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 69-орында тұрған словениялық Тамара Зиданшекпен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші бірден брейкпен бастап, өз геймдерін де бермей, 3:0 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:1. Сосын сетке бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:1.

Екінші сетте есеп 3:2 болғанда, Т.Зиданшек брейк жасай алды – 4:2. Дегенмен Е.Рыбакина дереу қарымта қайырып, таразы басын теңестіре білді – 4:4. Содан кейін тағы бір брейктен соң матч нүктесін қойды – 6:4.

Бәсеке 1 сағат 7 минутқа созылды.

Е.Рыбакина жүлде қоры 275 мың АҚШ долларына бағаланған доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 60-ракеткасы, франциялық Ализе Корнемен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның үздік отыз теннисшінің қатарына кіргенін, ал Александр Бубликтің Аделаида турнирінің ширек финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT