Теннис: Елена Рыбакина Острава турнирінің екінші айналымына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина Острава (Чехия) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бірінші матчында дүниежүзілік рейтингте 31-орында тұрған ресейлік Вероника Кудерметовамен ойнады.

Е.Рыбакина 6:1, 6:3 есебімен оңай жеңіске жетті.

1 сағат 17 минутқа созылған кездесуде Рыбакина 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 3 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Е.Рыбакина жүлде қоры 565 мың АҚШ долларынан асатын доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 59-ракеткасы, Польша өкілі Магда Линетпен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Astana Open ATP турнирінде Дмитрий Попконың өткен жылғы чемпионға жол бергенін, Андрей Голубев пен Александр Недовесовтің ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Юлия Путинцева Острава турнирін жеңіспен бастады.


Соңғы жаңалықтар