Теннис: Кукушкин Братислава турнирінің ширек финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Кукушкин Братислава 2 (Словакия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген, әлемдік рейтингте 67-орында тұрған қазақстандық спортшы екі кездесуінде жеңіске жетті.

М.Кукушкин алдымен рейтингте 158-орындағы бельгиялық Киммер Коппеянсты 6:0, 6:2 есебімен оңай жеңді.

Корт иесі, әлемнің 326-ракеткасы Лукас Клейнмен өткен матч қиындау тиді. Онда қазаақстандық спортшы қарсыласын 6:3, 6:7 (4:7), 6:4 есебімен тізе бүктірді.

М.Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 103-ракеткасы, босниялық Дамир Джумхур немесе рейтингте 147-орындағы финляндиялық Эмиль Руусувуоридің біреуімен таласады.

Тағы бір қазақстандық, жуырда рейтингте 212-ден 189-орынға көтерілген Дмитрий Попко АҚШ-тағы Ноксвилл челленджер турнирін сәтті өткізуде.

Д.Попко алдымен рейтингте 267-сатыдағы эквадорлық Роберто Куиросты тартысты матчта 6:7 (10:12), 6:2, 6:3 есебімен ұтты. Содан кейін осы турнирдің алтыншы, әлемнің 118-ракеткасы, италиялық Паоло Лоренцидан (4:6, 6:2, 6:4) айласын асырды.

Енді жарыстың тоғызыншы, әлемнің 139-ракеткасы, словениялық Блаж Роланы жеңсе, ширек финалға шығады.

Екі дода да 10 қараша күні мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Д.Попконың АҚШ турнирінің финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар