Теннис: Кукушкин Вена турнирін жеңіспен бастады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Кукушкин Вена ATP турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 57-орында тұрған М.Кукушкин алғашқы айналымда осы жарыстың сегізінші, әлемнің 24-ракеткасы, хорватиялық Борна Чоричпен күш сынасты.

Бірінші партияда брейк жасай алған М.Кукушкин сол басымдылығын сақтап қалды – 6:4.

Қазақстандық спортшы екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Ақыры ол матчты жеңіспен тәмамдай білді – 6:4.

Бәсеке 1 сағат 23 минутқа созылды.

М.Кукушкин ширек финалға шығу үшін әлемнің 34-ракеткасы, испаниялық Пабло Карреньо-Бустамен таласады.

Жүлде қоры 2 433 810 АҚШ долларына бағаланған Вена турнирі 27 қазан күні мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның үздік қырық теннисшінің қатарына енгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар