Теннис: Недовесов жұптық сында Братислава турнирінің жартылай финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Братислава (Словакия) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге ширек финалда швейцариялық Лука Маргароли - үндістандық Шрирамбала Нараянасвамимен шеберлік байқасты.

Бірінш партияда швейцариялық-үндістандық жұп 6:2 есебімен басым түсті.

Екінші сетте А.Недовесов пен Д.Молчанов есе қайырды - 7:5.

Қазақстандық-украиналық жұп супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 10:8.

Тартысты бәсеке 1 сағат 44 минутқа созылды.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко мысырлық Мохамед Савфатпен бірге жұптық сында Алматы челленджер турнирінің жартылай финалына өте алмай қалды. Олар чилилік Томас Барриос - италиялық Риккардо Бонадиоға есе жіберді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Словакиядағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ бүгін қазақстандық жұп тұңғыш рет Ролан Гаррос турнирінің финалына шықты.


Соңғы жаңалықтар