-
ОНЛАЙН:
Теннис: Путинцева Аделаида турнирінің екінші айналымына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 28-ракеткасы Юлия Путинцева Аделаида (Аустралия) турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 54-орында тұрған германиялық Лаура Зигемундпен кездесті.
Бірінші партияда Ю.Путинцева брейк жасап, жеңіске жете алды – 6:4.
Екінші сетте есеп 2:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейкке қол жеткізді. Алайда Л.Зигемунд сол бойда қарымта қайырып, таразы басын теңестірді – 3:3. Дегенмен Ю.Путинцева матчты тағы бір брейкпен бітірді – 6:4.
Біршама тартысты өткен бәсеке 1 сағат 49 минутқа созылды.
Юлия ширек финалға шығу үшін рейтингте 292-сатыдағы аустралиялық Сторм Сэндерспен таласады. Ол бастапқы кездесуінде отандасы, әлемнің 74-ракеткасы Айла Томляновичті 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Барти бастаған теннисшілер қатысып жатқан дода 27 ақпанда мәреге жетеді. Жалпы жүлде қоры – 535 мың АҚШ доллары. Өткен жылы осы турнирде финалда украиналық Даяна Ястремскаяны ұтқан Э.Барти чемпион атанған болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Нұр-Сұлтан турнирінің екінші айналымына шыға алмағанын жазған болатынбыз.
- «Аdaldyq alańy»: жобадан - жалпыұлттық қозғалысқа
- Дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирін қайдан көруге болады
- Медеуде шлагбаумы бар ақылы көлік тұрағы пайда болады
- Жомарт Ертаевқа ақша жымқыру ісі бойынша жаңа үкім шығарылды
-
Аңызға айналған Пеле COVID-19-ға қарсы вакцина алды
-
Қазақстанда отбасының цифрлық картасы әзірленіп жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам