Теннис: Путинцева АҚШ-тағы турнирде бақ сынайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-тағы Лексингтон турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатқан аталмыш WTA жарысының жүлде қоры 200 мың АҚШ долларынан асады.

Әлемнің 33-ракеткасы Ю.Путинцева алғашқы айналымда рейтингте 56-сатыда тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен шеберлік байқасады.

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, атақты америкалық Серена Уильямс бастаған теннисшілер қатысатын дода 16 тамызда мәреге жетеді.

Бұл коронавирус індетіне байланысты орын алған үзілістен кейін қазақстандық теннисші қатысатын бірінші жарыс болмақ. Ол әрі биыл 31 тамызда басталатын АҚШ-тың ашық чемпионатына дайындық болып есептеледі.


Соңғы жаңалықтар