Теннис: Путинцева Доха турнирінің екінші айналымына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева Доха (Катар) премьер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ю.Путинцева алғашқы кездесуін рейтингте 98-орында тұрған мажарстандық Тимея Бабошпен өткізді.

Қазақстандық теннисші 6:3, 6:4 есебімен екі сетте ұтты.

Бәсеке 1 сағат 26 минутқа созылды.

Қарсыластар бұған дейін бір рет кездесіп, онда да Ю.Путинцева ұтқан еді.

Ю.Путинцева бастапқыда әлемнің 30-ракеткасы, ресейлік Анастасия Павлюченковамен кортқа шығуы керек еді. Әйтсе де ресейлік спортшы жарақатына байланысты бұл жарыстан шет қалды да, орнына Доха турнирінде іріктеу сайыстарының финалында чехиялық Катерина Синяковадан ұтылып қалған Т.Бабош шақырылды.

Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 23-ракеткасы, жүлде қоры 2,9 млн АҚШ долларына бағаланған осы доданың өткен жылғы чемпионы, бельгиялық Элизе Мертенспен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингте рекордтық 17-орынға көтерілгенін, ал Михаил Кукушкиннің Дубай турнирінің екінші айналымына өте алмағанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар