Теннис: Путинцева Римде аса тартысты матчта жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 34- ракеткасы Юлия Путинцева Рим WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ю.Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 35-ракеткасы, АҚШ-тың жас жұлдызы, 17 жасар Кори Гауффпен күш сынасты.

Аса тартысты өткен матчта бірінші партияда К.Гауфф басымдылық танытты – 7:5. Екінші сетте қазақстандық теннисші есе қайырды – 6:4.

Үшінші, шешуші партияда есеп 5:3 болған мезетте америкалық спортшы матчқа доп бергенде, Путинцева брейк жасай алды. Алайда келесі геймде К.Гауфф брейк жасап кетті – 6:4.

Бәсеке 2 сағат 57 минутқа созылды.

Кездесу барысында америкалық теннисші 8, Юлия 7 брейк жасады.

К.Гауфф екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, грекиялық Мария Саккари немесе рейтингте 74-орындағы словениялық Полона Херцогтың біреуімен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық, рейтингте 665-сатыда тұрған Ярослава Шведова әлемнің 97-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Рим турниріндегі қарсыластары анықталғанын, Александр Бубликтің әлемдегі үздік 40 теннисшінің қатарына кіргенін

жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар