Теннис: Рыбакина Линц турнирінің ширек финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина Аустриядағы Линц WTA турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 43-ракеткасы Е.Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 166-орында тұрған германиялық Анна-Лена Фридзаммен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:3 есебімен ұтса, екіншісінде қарсыласы есе қайырды – 7:5.

Үшінші, шешуші сетте Е.Рыбакина таразы басын өзіне аудара білді – 6:4.

Тартысты бәсеке 2 сағат 11 минутқа созылды.

Е.Рыбакина Линц додасының (жүлде қоры – 250 мың АҚШ доллары) жартылай финалына шығу үшін әлемнің 57-ракеткасы, франциялық Ализе Корне немесе рейтингте 72-орындағы латвиялық Елена Остапенконың біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Тяньцзинь турнирінің ширек финалына шыққанын, ал Михаил Кукушкиннің Шанхайда ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар