Теннистен Нұр-Сұлтан турнирі: Александр Недовесов жұптық сында финалға шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Недовесов пен украиналық Денис Молчанов жұптық сында елордада өтіп жатқан Forte Challenger 100 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп жартылай финалда германиялық Юлиан Ленц – эквадорлық Роберто Кироспен күш сынасты.
Бірінші сетте германиялық-эквадорлық жұп сәтті ойнады – 6:4.
Екіншісінде А.Недовесов пен Д.Молчанов бірден алға кетіп, есе қайырды – 6:3.
Тай-брейкте Недовесов пен Молчанов өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 10:4.
Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев өзбекстандық Денис Истоминмен бірге жартылай финалда америкалықтар Натан Паша – Макс Шнурмен кездесті.
Бірінші партияда қазақстандық-өзбекстандық жұп 6:4 есебімен басым түсті. Алайда сол қарқынын жалғастыра алмай, екінші сетте 1:6 есебімен есе жіберді.
Америкалық жұп тартысты тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 11:9.
Осылайша финалда А.Недовесов – Д.Молчанов америкалықтар Н.Паша – М.Шнурмен бас жүлдені сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Сингапур турнирін жеңіспен бастағанын, Денис Евсеевтің елордада жұптық сында жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.
- Театр және кино актрисасы Ғазиза Әбдінәбиева өмірден озды
- Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстандық үш спортшы жарысты жалғастырады
- Жамбылда жол ережесін бұзуды тіркейтін жаңа құрылғылар таныстырылды
- Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» көш басына шықты
-
Олег Болтин еркін күрестен Азия чемпионы атанды
-
Еркін күрес: Нұрқожа Қайпанов екі дүркін Азия чемпионы атанды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам