Терентий Сукач ұрыста жараланған 27 сарбазды майдан шебінен аман алып шыққан

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Екінші дүниежүзілік соғыста медициналық қызметтің аға сержанты болған Терентий Сукач қанды ұрыста жарақат алған 27 адамды майдан шебінен алып шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Терентий Сукач 1941 жылы 22 маусымда майданға шақырылған. Ол Дновскойдағы 16-шы танк бригадасы сапында болды.

Бірде Грива ауылының маңында кері шегініп бара жатқан жау Синюя өзеніндегі өткелді қиратып тастаған.

Сол кезде Терентий санитарлармен бірге жаралы жауынгерлерді эвакуациялауға кірісті. Барлығы 46 адам құтқарылды.

Тағы бір шайқаста оған жаралыларға арналған жедел жәрдем бекетін ұйымдастыру тапсырылған-тұғын.

Дұшпанның толассыз атқылаған артиллериялық оғына қарамастан жарақат алған майдангерлерге көмек көрсетілді.

Ұлыс Отан соғысында Терентий Сукачтің бір өзі ғана 27 жаралы сарбазды қару-жарағымен бірге майдан шебінен алып шыққан.

Сол үшін оған «Ерлігі үшін» және «Ленинградты қорғағаны үшін» медальдары, I дәрежелі Отан соғысы ордені берілген.


Соңғы жаңалықтар