+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Терроризм актісі туралы жалған хабарлама жасағандарға қандай жаза қолданылады

2021 жылғы 20 қыркүйек 13:10
Бөлісіңіз:
Терроризм актісі туралы жалған хабарлама жасағандарға қандай жаза қолданылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқандар 14,5 млн теңге айыппұл төлейді. Бұл туралы ҚР ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сәтбаевта бес жасар қызды зорлау оқиғасы: Сотталғандар жазасын жеңілдетуді сұрап отыр Өткен аптада Қазақстанда 3059 қылмыс тіркелді Шетелден әкелінген көлікті неге сенімхатпен сатып алуға болмайды

«Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін 5 000 айлық есептік көрсеткішке, яғни 14,5 млн теңгеге дейін айыппұл төлеу немесе осы көлемде түзеу жұмыстарына тарту, сондай-ақ 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қолданылады. Осы қылмысты жасағаны үшін 14 жасқа толған балалар қылмыстық жауапқа тартылады. Сондықтан мұны мектеп оқушылары білуі тиіс», - деді Дархан Разуев ІММ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Сонымен қатар оның айтуынша, осындай хабарламаның кесірінен келтірілген барлық шығындар өтелуі тиіс. Мұндай әрекетті кәмелетке толмаған бала жасаған болса, шығынды ата-анасы өтейді.

«Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама – ол әзіл де, ермек те емес. Бұл қылмыстық жазаланатын әрекет екенін тағы да естеріңізге салғым келеді. Жалған хабарлама берілген уақыттан бастап аяқталған қылмыс болып есептеледі. Істерін істеп алып, кейін қанша өкінсе де, қаскөй қылмыстық жауапкершіліктен құтыла алмайды»,- деді департамент бастығының орынбасары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT