Тимур Мұратов: Екпе салғызу - әркімнің өз еркінде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұмауға қарсы екпе салғызу, жалпы вакцинация тақырыбы халық арасында кең талқыланып жатыр. Пікір иелері екіге жарылған: бірі оны пайдалы, екіншісі зиян дейді. Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов осы ретте тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, тұмауға қарсы екпені уақытында салдыртудың маңыздылығын түсіндірді.

«Әлемдегі барлық вакциналар міндетті және ерікті деп жіктеледі. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекске сәйкес біздің азаматтарға арналған вакциналар да дәл солай міндетті және ерікті болып бөлінеді. Кодекстің 85-бабына сәйкес, біздің азаматтар міндетті вакциналар тізіміне енгізілген профилактикалық екпелерді алуға міндетті екендігі көрсетілген. Халықтың эпидемиялық әл-ауқатын жақсарту, сондай-ақ инфекцияның алдын алу мақсатында Ұлттық вакцинациялау күнтізбесі бекітілді», - дейді ол БАҚ-қа таратқан ақпаратында.

Оның айтуынша, вакцина алуды міндетті деп ешкім есептемеуі тиіс. Тұмауға қарсы вакцинация жергілікті мекен-жайы бойынша тіркелген алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында жүргізіледі. Вакцинация созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балаларға, медициналық қызметкерлерге, жүкті әйелдерге (жүктіліктің 2-3 триместрі), жабық мекемелердегі адамдарға (балалар үйі, үй, интернат), мүгедек ересектер мен созылмалы аурулары бар балаларға және 60 жастан асқан қарт адамдарға жүргізіледі.

«Қалай десек те ақпараттандырылған келісімге немесе вакцинациядан бас тартуға құқығы пациенттің өзінде. Екпе алмаған балалар мен ересектердің құқықтарын шектейтін ережелер жоқ. Әрине, «вакцинацияға қарсы» проблема тек біздің мемлекетте ғана емес. Адамзат тарихында вакцинациядан бас тарту бірнеше рет қайғылы нәтижелерге әкелді. Еуропаның бірқатар елінде вакцинацияның тоқтатылуымен байланысты эпидемияның, вакцинадан сақтануға болатын аурулардың өршіген жағдайлары кездесті», - дейді ол.

Фото: zheruiyq.kz
Соңғы жаңалықтар