Тимур Сүлейменов мемқызметтегі басқарушылық мәдениетті сынға алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің өзекті мәселесін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік қызметтегі басты мәселелердің бірі – басқарушылық мәдениет, сондықтан мемлекеттік қызметшілер жұмысының жаңа стилін қалыптастыру талап етіледі және бұл жерде басшылардың өздері үлкен рөл атқарады», - деді Тимур Сүлейменов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алқа отырысында.

Спикер бүгінгі алқа отырысында департамент басшылары және орынбасарлар қатысып отырғанын атап өтті.

«Қызметкерлердің қалай жұмыс істейтіні бізге – командирлерге тікелей байланысты. Қызметкерлер біздің жұмысымызға қарайды және үлгі алады, сондықтан бұл жерде өз жауапкершілігімізді ұғынуымыз керек. Менің ойымша, мұнда assessment – 360 градус әдісімен бағалау құралы көмектеседі. Бұл әдіс Қазақстанда енгізіледі және алғашқы жылдың қорытындысына қарай тиісті тұжырымдар жасаймыз. Осылайша, мемлекеттік органдардағы басқарушылық мәдениет біртіндеп өзгереді», - деді Т. Сүлейменов.


Соңғы жаңалықтар