Тірек ауыл тұрғындары толымды тірлікке сенім артады

None
None
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Үміткерлердің үгіт жұмыстары 2851 тұрғыны бар Бекарыстан би ауылында жалғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Nur Otan» партиясынан Қазалы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Абилов Күншығар мен Иманалиева Гүлдәрі 2020 жылы Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы шеңберіне кірген Бекарыстан би ауылының тұрғындармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Үміткерлер партияның 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасымен ондағы кезең-кезеңімен атқарылатын тірліктерді тұрғындарға тізбектеп берді.

Кездесу соңында тірек ауыл тұрғындары партия тарапынан атқарылатын толымды істерге сенім артатындарын айтып, сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы, Қазалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.


Соңғы жаңалықтар