ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі артып келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 10 айында ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ТМД Статиститка комитетінің деректері бойынша Достастық елдерінде 2019 жылғы қаңтар-қазанда 2018 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,7 пайызға артты. Достастық елдерінде тұтыну бағалары 2019 жылғы қазанда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,9 пайызға өсті, өнеркәсіп тауарларын өндірушілер бағалары 1,4 пайызға төмендеді», - делінген ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, осы жылдың 10 айында ТМД елдерінің арасында Армения мен Тәжікстанның жалпы ішкі өнімі 107,5 пайызға, яғни ең жоғары өсім көрсетіп отыр. Түрікменстан (106,2 пайыз), Өзбекстан (105,7), Қырғызстан (105,7) елдерінің де ЖІӨ өсімі жоғары. Ал Қазақстанның жалпы ішкі өнім өсімі 4,3 пайызды құрады. Ең төменгі ЖІӨ өсімі Ресейде 101,1 пайыз көлемінде тіркелген.

Соңғы жаңалықтар