ТМЫК-ты ұйымға айналдыру Түркі әлемнің ынтымақтастығына тың серпін береді - сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті нәтижелі болды. Мұндай пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Санат Көшкімбаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан – Түркі әлемнің рухани астанасы» ұранымен онлайн өткен саммиттің өте нәтижелі болғандығын атап өткен орынды. Бұл қабылданған Түркістан декларациясында және Қазақстан тарапының - ұйымнның құрметті төрағасы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларында да көрініс тапқан. Атап айтқанда, «Түркі әлемінің келешегі-2040» стратегиясын, бұған қоса, Қазақстанның Тұңғыш Президенті бұған дейін жария еткен ТМЫК-ты толыққанды ұйымға айналдыруға дайындық бастауға рұсат берілді. Кеңес мәртебесін ұйымға дейін көтеру Түркі әлемнің ынтымақтастығына тың серпін берері сөзсіз», - деді ол.

Сонымен қатар ол Түркі кеңесінің халықаралық қарым-қатынаста, саясатта және экономикада салмағы артып келе жатқандығына баса аударды. Өзбекстанның кеңеске толыққанды мүше болуын жоғары бағалап, Мажарстанның да осынау кеңістікке барынша ықпалдасуға пейіл танытып отырғандығын айтты.

«Жиынға тұрақты түрде қатысып келе жатқан Түркістанның да мүше болуы ықтиалдығын жоққа шығара алмаймыз. Бұл өте маңызды қадамдар», - деді Санат Көшкімбаев.

Оның атап өтуінше, кеңестің құрылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Дегенмен, ол өзінің өміршең ұйым екендігін көрсете білді.

«2009 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Нахчыванда өткен саммитте кеңес құру туралы бастама жасаған болтын. Ал қазір 11 жыл өткеннен кейін Түркі кеңесін институализациялау процесінің іске қосылғанын көріп отырмыз. Ал бұл барлық бағыттағы өзара іс-қимыл үшін перспективалар мен зор әлеует ашады. Бұл тек саясат қана емес, сонымен бірге сауда-экономикалық, мәдени-білім және ғылыми-техникалық ынтымақтастық», - деді институт директорының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар