Төбелес кезінде ақтөбеліктен екі тапанша тәркіленді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде төбелес болып, 28 жастағы күдіктіден 2 қару тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төбелес орнына патрульдік полиция жасағы барып, 28 жастағы жігітті ұстады. Тексеру кезінде ұсталған азаматтың күртешесінен «ОСА» және пневматикалық тапанша табылды. Екеуінің де оғы бар. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шақыртылды. Ұсталған жігіт полиция бөліміне жеткізілді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар