Тобыл өзенінен 49 жастағы әйелдің денесі табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Тобыл өзенінен жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

28 маусымда Қостанай қаласынан үш шақырым жерде Тобыл өзенінен Қостанай облысы ТЖД ЖҚЖ күшімен 1971 жылы туған әйелдің мәйіті табылып, судан шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, 27 маусым сағат 22:45-те Тобыл өзенінің жағалауында 49 жастағы әйел белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Сүңгуір және іздестіру-құтқару жұмысы кезінде құтқарушылар оқиға орнынан 1,5 км төмен қарай әйелдің денесін тапты.

Мәйітті құтқарушылар алып шығып, өзен жағасына жеткізді және полиция қызметкерлеріне тапсырды. Жазатайым оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Оқиға орнында «Қостанай облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ ЖҚЖ 12 қызметкері, үш жүзу құралы, бір квадрокоптер және төрт техника жұмыс істеді.


Соңғы жаңалықтар