Тоқаев әлеуметтік төлемді негізсіз алған алаяқтарға қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 42500 теңгелік әлеуметтік төлемді негізсіз алған алаяқтарды шектеу керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаматтар біздің елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты тек қаржылық қиындыққа душар болған адамдарға көмек берілетінін түсінуі керек. Сол себепті кірісі жеткілікті адамдарды негізсіз қолдау тетіктерінің жолын кесу керек. Алаяқтар мен тәртіп бұзған адамдарды қоғамның алдында бетін ашып, орнына қою керек», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.


Соңғы жаңалықтар