Тоқаев бизнес қоғамдастықты жаңа экономикалық саясатты қалыптастыру ісінде бірлесе жұмыс істеуге шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес қоғамдастықты жаңа экономикалық саясат қалыптастыруда бірлескен жұмыс бастауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Парақты аударып, жаңа Қазақстанның негізіне айналуы тиісті жаңа экономикалық саясат қалыптастыруда бірлескен жұмыс бастау қажет», - деп атап өтті Мемлекет басшысы еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуі барысында.

ҚР Президент жаңа экономикалық саясаттың негізгі принциптері адал бәсекелестік, қабылданған шешімдердің ашықтығы, мемлекеттік саясаттың болжамдылығы, бизнестің салықтық адалдығы, кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі екендігін баса айтты.

«Әлеуметтік-экономикалық реформаларды табысты жүзеге асыруға дәл осы ірі бизнес, біздің буржуазия мүдделі екендігіне түбегейлі сенімдімін. Сондықтан да елдің дәл осы бизнес элитасының жоғалтып алары бар. Бірақ, сонымен қатар өз ісін одан арпы кеңейту үшін де жақсы мүмкіндіктер бар», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар