+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті

2020 жылғы 24 наурыз 21:59
Бөлісіңіз:
Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президенті: Еліміз әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толық қамтамасыз етілген Президент коронавирусты анықтайтын тест жүйесін әзірлеген қазақстандық ғалымдарды құттықтады Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Тараптар әлемдегі ахуалдың қазіргідей жауапты кезеңінде өзара ықпалдастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның кең көлемдегі халықаралық ынтымақтастықты реттеу және коронавирус пандемиясына қарсы күресте жекелеген мемлекеттердің іс-қимылдарын үйлестіру жөніндегі бастамаларын Қазақстанның қолдайтынын мәлімдеді. Президенттің айтуынша, БҰҰ Бас хатшысының жаһандық келісім жариялау, барлық соғыстар мен қақтығыстарды тоқтату туралы жуырда айтқан ұсынысы өзекті бастама және барлық қатысушы мемлекеттердің қолдауына лайықты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш әлемдік ұйымның құрылғанына 75 жыл толуына арналған БҰҰ Бас Ассамблеясының алдағы мерекелік сессиясына дайындық мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ-ның мақсаттары мен міндеттерін толық қолдайтынын, бірегей әрі баламасы жоқ институтты одан әрі дамыта беруге атсалысатынын айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT