+7 (701) 759 90 19
USD 414.77 EUR 506.81
RUB 5.64 CNY 64.32
Jańalyqtar

Тоқаев еліміздің болашағы немен байланысты екенін айтты

2021 жылғы 15 қаңтар 12:13
Бөлісіңіз:
Тоқаев еліміздің болашағы немен байланысты екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі балалар мен жастар 2050 жылға қарай Қазақстанның еңбек нарығын көрсетеді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мықты инклюзивті қоғам құрудағы басты құрал – тиімді әлеуметтік саясат болып саналады. Адам дамуы индексінің көптеген көрсеткіштері бойынша елеулі прогреске қарамастан, Қазақстан жетекші елдерден артта қалып отыр. Адами капиталдың жоғары сапасы – Қазақстанды қоса алғанда, барлық мемлекеттердің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттігінің негізі. Әлем білім экономикасына бет бұрып жатыр. Бұл шындық», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, қазір Тәуелсіздік ұрпақтары саны жағынан еліміздің барлық азаматтарының жартысын құрайды.

«Қазіргі балалар мен жастар 2050 жылға қарай Қазақстанның еңбек нарығын көрсетеді. Еліміздің болашақтағы әл-ауқаты дәл солардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты», - деп атап өтті Қ. Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT