Тоқаев Сексеуіл кентінде мектепке теміржолдан өтіп баратын оқушылар мәселесін шешуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Сексеуіл кентінде теміржолдың кесіп өтіп мектепке баратын оқушылардың мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Egemen Qazaqstan» газетіндегі «Темір жолды жағалап топ бала жүр» атты мақаладан Сексеуіл кентінде 360 бала күнделікті мектепке бару үшін 13 рельсті кесіп өтетінін оқыдым. Бұл – өте өзекті мәселе. Оны шешу үшін Үкімет нақты шаралар қабылдауы қажет», деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.

Қызылорда облысының Арал ауданындағы Сексеуіл кенті – темір жол бойындағы ірі тораптық стансаның бірі. Станса арқылы өтетін «Бейнеу – Жезқазған» темір жолы пайдалануға берілгелі бері мұндағы халық саны да өсті.

«Сексеуіл арқылы ірі темір жол торабы өтеді. Кенттегі 3 мек­тептің (№87, 31 және 177 мектеп) барлығы кенттің негізгі бөлігінде орналасқандықтан, жаңа ауданда тұратын 360 оқушы сабаққа келу үшін күнде 13 рельсті кесіп өтеді. Мұның ойын баласы үшін қауіпті екені айтпаса да түсінікті. Әрі 3 мектептегі бала саны да шамадан тыс көбейді», делінген аталмыш мақалада.

Соңғы жаңалықтар