Тоқаев: Стратегиялық мақсатымыз - Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлімізді күшейту

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Стратегиялық мақсатымыз Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлімізді күшейту. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің Қазақстан халқына биылғы Жолауым мынадай мәселеерге арналды. Бірінші - пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму. Орталық Азиядағы экономикасы ең ауқымды ел саналатын Қазақстан қазір пандемияның зардабын тартуда. Дегенмен, қиындықтарға қарамастан бағдарымызды берік ұстанып келеміз. Біз орта мерзімді экономикалық саясатымызды айқындап, мемлекеттік бастамаларды реттеу үшін 2025 жылға дейін дамудың ұлттық жоспарын және мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін қабылдадық. Ұлттық жобалар бекітілетін болады. Стратегиялық мақсатымыз - Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлімізді күшейту және әлемдік экономикадағы орнымызды нығайту», - деді ҚР Президенті.


Мемлекет басшысы экономикамызға тікелей инвестиция тарту ісін жалғастырудың жаңа тәсілі ретінде стратегиялық инвестициялық келісім ұғымы енгізілгендігін атап өтті.

«Квазимемлекеттік секторды оңтайландыру үшін нақты шараларды қолға алдық. «Бәйтерек» жіне «Қазагро» холдингтерін біріктірдік. Еншілес компаниялар 2 есе азайды. Олардың штат санын 1,5 есе қысқартық. Жаңа қуатты даму институтын құрдық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар