Тоқаев: Судьялар қалыптасқан ойлау жүйесін өзгертіп отыруы қажет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің судьялары қалыптасқан ойлау жүйесін өзгертіп отыруы қажет. Бұл туралы ҚР судьяларының VIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот жүйесін реформалау саласында айтарлықтай ілгерілеу болуы үшін ең алдымен судьялардың кәсібилігіне, әділ сот пен сот ісін басқарудың сапасына негізделген түбегейлі жаңа тәсілдерге бет бұруымыз керек. Сондықтан біз мынадай басым бағыттарға ерекше мәне беруміз қажет. Бірінші - адам құқықтары және заңның үстемділігі. Әлемдегі алпауыт елдердің тұрақты дамуы адам құқықтарын қорғау және заңның үстемдік ету мәселесіне тікелей байланысты. Судьялар корпусы өздерінің күнделікті жұмысында осы ұстанымдар мен құндылықтарды басшылыққа алуға тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент суьяларымыз адам құқықтарының мүлтіксіз сақталуын басты назарда ұстауы керектігін айрықша атап өтті.

«Еліміздің судьялары ұдайы түрде кәсіби біліктіліктерін арттырып, жұмыс тәсілдерін жетілдіріп, қалыптасқан ойлау жүйесін өзгертіп отыруы қажет. Бұл үшін сот саласындағы өзекті халықаралық үдерістерді ескеріп, судьялардың халықаралық қауымдастығымен тығыз байланыс орнату маңызды», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар