Тоқаев ТЖ режимінің созылу себебін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде төтенше жағдай режимін не үшін сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адамдар қазір көшеге шыққысы келеді. Күнделікті қалыпты өміріне қайтуға ниетті. Бірақ карантин мен өз-өзімізді оқшаулаудан басқа амал да жоқ. Бұл – отандық және халықаралық вируслолог-мамандардың кеңесі. Басқа жағдайда біз жағдайды ушықтырып аламыз. Эпимедия жаппай елімізді жайлағанымен қоймай, бүкіл тұтас ұлттық денсаулығына қауіп төнеді. Онымен қоса ұлттық қауіпсіздікке де қатер келеді. Олай болса шағын және орта бизнес, тіпті экономиканы сақтап қалудың өзі күн тәртібінде маңызын жоғалтары анық», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.

Еске сала кетсек бұған дейін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында ТЖ режимін сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырғанын хабарлаған еді.



Соңғы жаңалықтар