Токио-2020: Боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы қарсыласынан басым түсті

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Жазғы Олимпиадада бүгін қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол 52 келі салмақта Пуэрто-Рико елінен келген Янкьель Ривера Фигероамен қолғап түйістірді.

Бибосынов қарсыласын 4:1 есебімен жеңіп кетті.

Енді ол франциялық Биллал Беннаммен шаршы алаңға шығады.

Сәкен Бибосынов 1997 жылдың 3 шілдесінде Түркістан облысында дүниеге келген. 2019 жылы Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, 57 келіде жұдырықтасқан Серік Теміржанов бірінші жекпе-жекте венгриялық Роланд Галоштың осал тұсын тапты.

Ал, 63 келіде Закир Сафиуллин перулік Леодан Песо Сабойяны жеңіп, жарыстың келесі сатысына жолдама алды.


Соңғы жаңалықтар