Токио-2020: Денис Ганькин екінші кездесуінде жеңілді

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында садақ атудан қазақстандық спортшы Денис Ганькин екінші кездесуінде жеңіліп қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Алғашқы кездесуінде ол египеттік Юсуф Толбадан 6:4 есебімен басым түскен еді. Ал, екінші кездесуінде италиялық Мауро Несполиге есе жіберді. Есеп 2:6.

Қазақстандық спортшы осылайша Олимпиаданы ерте аяқтауға мәжбүр болды. Енді Қазақстан сапынан Ильфат Абдуллин мен Санжар Мұсаев сынға түседі.

Ал командалық бәсекеде Қазақстан Үндістанмен күш сынасады.

Биыл дүбірлі додада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Айтулы аламанға жер бетіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысуда. Қазақстандық 97 спортшы күншығыс елінде спорттың 28 түрінен бақ сынайды.

Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасының қоржынында үш қола медаль бар.

Алғашқысын 24 шілдеде дзюдошы Елдос Сметов иемденсе, екіншісіне 25 шілдеде ауыр атлет Игорь Сон қол жеткізді.

Тағы бір ауыр атлетіміз Зульфия Чиншанло 26 шілдеде тағы бір қоламен жүлде қорын толықтырды.



Соңғы жаңалықтар