Токио-2020: Руслан Жапаров ширек финалда қарсыласынан жеңілді

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында таэквондошы Руслан Жапаров ширек финалда қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық спортшы 80 келіде сайысқа түсті. Ширек финалда ол Оңтүстік Корея өкілі Кё Дон Инмен шеберлік байқасты.

Кездесу аса тартысты өтті. Екеуінің де жеңіске жетуіне мүмкіндігі болды. Дегенмен соңғы сәттерде корейлік спортшы ұпай қорын молайтты. Осылайша Руслан Жапаров қарсыласына 2:8 есебімен есе жіберді.

Еске салсақ, ол бүгін алғашқы кездесуінде Германиядан келген Александр Бахманннан 11:7 есебімен басым түсті.

Руслан Жапаров 1996 жылы 27 мамырда Тараз қаласында дүниеге келген. Бұған дейін 2018 жылы Азия чемпионатында күміс, Азия ойындарында қола медаль алды.

Еске салсақ, бүгін әйелдер арасында Жансель Дениз екінші кездесуінде ұлыбританиялық Бьянко Уокденге 7:17 есебімен есе жіберіп қойды. Ол алғашқы кездесуінде өзбекстандық Светлана Осиповадан 10:9 есебімен басым түсті.



Соңғы жаңалықтар