Токио-2020: Су добынан Қазақстан құрамасы Сербияға есе жіберді

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында су добынан Қазақстан құрамасы қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық спортшылар топтық кезеңдегі екінші кездесуін Сербия құрамасына қарсы өткізді. Кездесу барысында 5:19 есебімен қарсыласына есе жіберді. Құрама сапынан Евгений Медведев пен Сржан Вуксанович екі-екіден мергендік танытса, Дусан Маркович бір голдың авторы атанды.

Енді қазақстандық құрама 29 шілдеде Испанияға қарсы ойнайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын топтық кезеңдегі бірінші кездесуінде Қазақстан құрамасы Хорватиядан жеңіліп қалды .

Қаазақстан В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Черногория, Испания, Сербия, Хорватия, Австралия.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Олимпиадаға төртінші мәрте қатысып отыр. 2000 жылы жалпы командалық есепте тоғызыншы орынға табан тіреп, әзірге ол құраманың ең жоғары жетістігі ретінде тіркелген.


Соңғы жаңалықтар