+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Токио Олимпиадасына қатысатын атлеттер күн сайын тестілеуден өтеді

2021 жылғы 21 сәуір 08:05
Бөлісіңіз:
Токио Олимпиадасына қатысатын атлеттер күн сайын тестілеуден өтеді

ТОКИО. Kyodo-ҚазАқпарат – Токиодағы жазғы Олимпиаданың ұйымдастырушылары сәуірдің аяғында ойындарды өткізу ережелерінің жаңа нұсқасын бекітіп, онда спортшылардың күн сайын коронавирусқа тестілеуден өтуі керектігі туралы тармақ енгізбек. Бұл туралы ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Непалдық гид екі рет Эвересті бағындырып, әлемдік рекорд орнатты Бокстан 2021 жылғы әлем чемпионаты өтетін уақыт белгілі болды Ақмолалық триатлоншылар республикалық турнирдің жүлдегері атанды

Қазіргі кезде бұл шешім Халықаралық Олимпиада комитетімен (ХОК) келісілуде. Тесттердің басым бөлігі антигенге тексереді. Тестілеу оң нәтиже көрсеткен жағдайда, дәрігерлер ПТР тәсілі бойынша қосымша зерттеу жүргізеді. Атлеттерден коронавирус белгілері байқалса, оларды бірден ПТР тестін тапсыруға жібереді. Осыған орай арнайы олимпиадалық ауылда бөлек зертхана ашылмақ.

Тексеріс кестесі ойындардың уақытына байланысты құрылады. Сонымен қоса ойынның қандай да бір кезеңі өтетін күні спортшылар тестілеуден босатылуы мүмкін.

Киодо дерегінше, «Токио-2020» ұйымдастыру комитеті 9 мамырда өтетін жеңіл атлетика бойынша тестілік жарыстарды көрермендерсіз өткізуді қарастыруда.

Токиодағы олимпиадалық ойындар 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығына жоспарланған еді. Коронавирус пандемиясына байланысты олимпиада бір жылға шегеріліп, енді 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтпек.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT